Қазақстан • 22 Маусым, 2022

Сарбаз, антыңа адал бол!

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарулы Күштердегі әскери бөлімдерде жас сарбаздар Отан алдында адал қызмет етуге ант берді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әс­керлерінде ант беру рәсімі олардың құ­рыл­­ғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келді.

Сарбаз, антыңа адал бол!

Жалпы, әскери дайындық курсынан және ант қабылда­ғаннан кейін жас буындар елдің әуе шептерін қорғауға қа­жетті әскери-есептік маман­дықтарды игеруге кіріседі. Сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінің бірегей бөлім­шелерінің бірі болып саналатын әскери-ғылыми взводының мерзімді қызметтегі әскери қыз­метшілері де Отанға адал болуға ант берді. Олардың не­гіз­гі міндеті – инженерлік-тех­ни­калық бейіндегі, ІТ-технологиялар мен киберқауіпсіздік бағыттары бойынша ғылыми жұмыс атқару.

Әскери-ғылыми взводтың әскери қызметшілері өздерінің күнделікті қызметінде жауын­герлік даярлықтың негізгі пән­дерін игеруден басқа Қарулы Күштердің игілігі үшін ғылы­ми-зерттеу, тәжірибелік-конс­трукторлық және сынақ жұ­мыстарын орындауға тартылатын болады.

– Еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орны – Ұлттық қор­ға­ныс университетіне қызмет етуге келгенімді мақтан тұ­та­мын және Отан алдындағы Конституциялық парызымды лайықты орындау үшін бар күш-жігерімді саламын. Бұл үшін менің әскерге барар ал­­-
дында алған ғылыми-техни­калық бағыттағы тәжірибем мен білі­мім бар, – деді қатар­дағы жауынгер Артем Егоров.

Салтанатты іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, сарбаздардың туған-туыстары қатысты.

Ант қабылдағаннан кейін дәстүр бойынша бөлім­ше ко­ман­дирлері ата-аналары­мен әң­гімелесулер өткіз­ді. Қы­зық­тырған сұрақта­ры­­на жауап беріп, оларды әскери бөлім­дер­дің инфрақұ­рылы­мымен таныстырды, казармалар, асханалар мен оқу сыныптарын көрсетті.