Қоғам • 22 Маусым, 2022

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысы бар нигериялық Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім еткендей, Ақжарқын Тұрлыбайдың есірткі тасымалдауына қатысы бар нигериялық Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысы бар нигериялық Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

«20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК 259-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды. Қазір оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы, әрі процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды», делінген ведомство хабарламасында.

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет қорғауындағы қазақстандықтың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген нигериялықтың ұсталғанын мәлімдеген еді.

Айта кетсек, Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарудан бас тартып отыр.