Елорда • 22 Маусым, 2022

Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан мектептер туралы айтты

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы жүріп жатқан мектептер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан мектептер туралы айтты

«Қала тұрғындарының жыл сайын артып келе жатқанын ескерер болсақ, әлеуметтік нысандарға, оның ішінде оқу орындарына деген сұраныс артып келеді. Жоспарға сәйкес оқушы орындарымен қамтамасыз етіп, жұмыс істеп тұрған орындарға түсетін артық жүктемені алып тастау үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу қажет. Үш жыл ішінде 34 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл оқу орындарында 70 мың оқушы орны ашылды.

Қаланы аралау барысында бірқатар мектептің құрылысымен таныстым. Мәселен, Ұлы дала даңғылындағы және 187-көше, 18/4 мекенжайындағы (Сарыарқа ауданы) екі мектепті аралап шықтым.

Мысалға, №65 мектептің (Сарыарқа ауданы) ерекшелігі – инклюзивті білім беру жүйесі бар. Бұл жерде есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар оқиды. Мұнда барлығы 3 мыңнан аса оқушы қамтылған, бұл оқу орнының өзіне тән қуаттылығынан асып түседі. Мектептің қуаттылығын арттыру үшін жанынан жаңа корпустың құрылысын бастадық. Жаңа корпус тағы 1200 оқушы орнын (екі ауысымда) ашуға мүмкіндік береді.

Есіл ауданында орналасқан мектептің (Ұлы Дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысы) құрылысы ұзаққа созылды. Себебі өз ісіне жауапсыз құрылыс салушы міндеттемелерін орындамады. Біз онымен келісімшартты үздік, мектеп құрылысын тоқтап тұрған жерінен қозғадық. Бұл мектепті биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Аталмыш нысан 2400 оқушыға (екі ауысымда) жоспарланған.

Осылайша, жаңа оқу жылында (2022-23 жж) тағы 20 мыңнан аса оқушы орнын ашуды (2 ауысымда) жоспарлап отырмыз», деп жазды елорда әкімі.