Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешуді тапсырған еді. Осыған орай жауапты ведомство арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Жақында Оқу-ағарту министрлігі аталған жобаның іске қосылғанын хабарлады.

Арнайы бағдарлама елімізде мұғалімдер тапшылығы бар және білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді тартуға бағытталған. Бұған дейін маман тапшылығы Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында бар екенін жазғанбыз. Бұл өңірлерге математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет.
Қазіргі уақытта байқауға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қажетті құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпарат ресурстарында орналастырылған. Құжаттар 2022 жылғы 26 маусымға дейін қабылданады.
Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова: «Халықаралық PISA 2018 зерттеуінің және Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері басқа облыстардың оқушыларымен салыстырғанда осы өңірлер оқушыларының білімінде алшақтық барын көрсетіп отыр. Аталған облыстардың білім сапасын арттыру және педагог тапшылығы мәселесін шешу үшін үздік мұғалімдерді тарту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленді. Педагогтер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-магистр» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектерi қатыса алады. Педагогтер конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан қатыса алады», деді.
Министрліктің мәлімдеуінше, мұғалімдерді бос лауазымдарға тарту үшін тиісті өңірлердің облыстық білім басқармалары жанынан Үйлестіру кеңестері, сондай-ақ министрлік жанынан Конкурс комиссиясы құрылады. Бос жұмыс орындарына орналасу үшін үміткерлер компьютерлік тестілеуді сәтті тапсырып, эссе жазып, әңгімелесуден өтуі керек. Емтихандар үміткердің таңдауы бойынша өңірдегі Назарбаев зияткерлік мектептерінде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі. Ал әңгімелесуді министрлік жанындағы Конкурс комиссиясы өткізеді. Комиссия құрамына «НЗМ» ДББҰ, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ және Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері кіреді.
«Конкурс іріктеуінен өткен мұғалімдерге 4 апталық біліктілікті арттыру курстары мен курстан кейінгі қолдау жұмыстары ұйымдастырылады. Онда онлайн және офлайн форматтағы семинарлар, вебинарлар мен шеберлік сыныптары, Зияткерлік мектептердің зертханаларында жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған тағылымдамалар болады. Үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені бар. Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу қарастырылған», делінген ведомствоның хабарламасында.
Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Ауа райы • Бүгін, 11:55
Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
«Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Елімізде коронавирус жұқтырған 528 адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:27
Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Білім • Бүгін, 11:15
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады
Әлем • Бүгін, 11:07
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ұқсас жаңалықтар