Экономика • 23 Маусым, 2022

Қазақстан шетелдік инвестиция ағынын арттырады

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан шетелдік инвестиция ағынын арттырады

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Дүниежүзілік банктің қатысуымен Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаты тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Тұжырымдама жобасында көзделген негізгі нысаналы индикаторлар – негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ІЖӨ-ге 25,1 пайызға дейін жеткізу және тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 2026 жылдың өзінде 25,5 млрд АҚШ долларына дейін арттыру», деді вице-министр.

Оның айтуынша, аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін тұжырымдама жобасымен инвестициялар тарту саясатын қайта қарау жөніндегі шаралар кешені көзделген. Бұл жаңа трендтерді ескере отырып, инвестициялар құрылымын бәсекеге қабілетті, қосылған құны жоғары тауарларды өндіру жағына өзгертуге мүмкіндік береді.

«Инвестициялық дамудың негізгі пайымы әрбір саланың экономиканы дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, инвестициялар тартуға теңдестірілген тәсілден тұрады. Өңдеу өнеркәсібі бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімді драйвері болып саналады. Мұнда еңбек өнімділігінің өсуіне, экспорт көлемін ұлғайтуға және күрделілігін арттыруға, неғұрлым жоғары қайта бөлу өнімінің жаңа өндірісін игеруге, өндірісті кезең кезеңімен оқшаулауға баса назар аударылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдау жеке капиталдың жетіспеушілігі бар, жоғары технологиялық капиталды қажет ететін жобаларды іске асыру үшін басымдық беріледі», деді Тимур Жақсылықов.