Қаржы • 23 Маусым, 2022

Доллар қымбаттады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 464,81 теңге болып, бірден 10,45 теңгеге көтерілді, деп хабарлады Egemen.kz.
 

Доллар қымбаттады

Қытай юанінің орташа бағамы 66,10 теңгеге (+0,67) дейін өсті.

Ресей рублі де өсіп жатыр, ол 0,35 теңгеге көтеріліп, 8,75 теңге болды.

Кешегі сауда қорытындысы бойынша еуроның орташа сараланған бағамы 476 теңгеге жетті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 464-470 теңге, еуро – 490-498 теңге, рубль-7,8-8,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Аяна Тоғанбек