Маусым айының ортасында Ұлттық Олимпиада комитетінің мұрындық болуымен Қазақстан аймақтарында басталған Халықаралық Олимпиада күнінің эстафетасы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон саябағында мерекелік спорт мерекесімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 маусымда Олимпиадалық қозғалысты насихаттау және бүкіл әлемде спортты танымал ету мақсатында Халықаралық Олимпиада күні аталып өтеді.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті әлемде өтіп жатқан акцияның белсенді қатысушысы. Айтулы дата елімізде осымен 29-шы рет мерекеленіп отыр. Бұл жолы Халықаралық Олимпиада күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Балалар жылы аясында аталып өтті.
Елорда тұрғындары мен қонақтары эстафеталық жарыстарға қатысып, үстел теннисін ойнап, 3х3 баскетбол, текбол сияқты жаңа спорт түрлерінен бақтарын сынап, қазақстандық брейк-дансшылардың өнерін тамашалады. Сондай-ақ, әртүрлі жастағы балалар арасындағы дзюдо мен таэквондодан көрсетілім жекпе-жектері ұйымдастырылды.
Жас қатысушылар үшін шеберлік сабақтарын Ұлттық құрама мүшелері мен Қазақстанның атақты спортшылары 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, боксшы Серік Сәпиев, әйелдер күресінен үш дүркін Олимпиада жүлдегері Гүзел Манюрова, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстан құрамасының капитаны, шорт-трекші Абзал Әжғалиев, бокстан 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит, бокстан әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов, боксшы әрі Олимпиада жеңімпазы Қанат Әбутәліпов және күрестен 2022 жылғы Азия чемпионы Мәдина Бақбергенова өткізді.
«Ұлттық Олимпиадалық комитеті баршаңызды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтайды! Бұл жолы біз бұл мерекені барынша қызықты әрі есте қаларлықтай етіп өткізуге тырыстық. Әсіресе біздің жас спортшыларымыз үшін қызықты болды деп ойлаймын. Балалардың олимпиадалық спорт түрлеріне деген қызығушылықтары артып, қазақстандық чемпиондармен кездескісі келетінін көргенде ерекше әсерде боласың. Жалындаған жастармен кез келген шараға қатысып, болашақ чемпиондармен әрқашан бірге болып, ортасынан табылғаныма қуаныштымын. Қазақстанның жас спортшылары бізден күшті және мықты болуы үшін бәрін істеуіміз керек деп ойлаймын», деді Серік Сәпиев.
Жас спортшылар олимпиадалық спорт түрлері тақырыбындағы викторинаға, сондай-ақ «Көңілді старттар» эстафетасына қатысты. Барлығы дерлік спортта өз білімі мен шеберлігін көрсетіп, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бағалы сыйлықтарын ұтып алды.
Мерекелік бағдарлама соңында жақында Францияда өткен мектеп оқушылары арасындағы Дүниежүзілік Гимназиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Қатысушыларға естелік сыйлықтар мен ҚР ҰОК дипломдарын қазақстандық Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері салтанатты түрде табыс етті.
Спорт мерекесін ұйымдастыруға ҚР ҰОК серіктестері Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Ұлттық спорттық федерациялары атсалысты.
Сондай-ақ, 2022 жылғы Олимпиада күнін ұйымдастыруда Қазақстанның ҰОК серіктестері Туризм және спорт саласын қолдау қоры «Sport Qory» мен Toyota Motors ең белсенді қатысушыларды арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар