Аймақтар • 23 Маусым, 2022

Катонқарағай ауданында екі альпинист қайтыс болды

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 маусым күні сағат 10:00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Мұзтауда төрт альпинист қар көшкінінің астында қалды деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Катонқарағай ауданында екі альпинист қайтыс болды

Апат салдарынан екі адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы туған. Екіншісі 1988 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Сондай-ақ, 1990 жылы туған азамат зардап шеккен.

Тау шатқалына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп қаза болғандарды бортқа шығарған. Ал жарақат алған ер адамға апаттық медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Шығыс Қазақстан облысы