Әлем • 23 Маусым, 2022

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Мәскеуде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі талқыланды.

Кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты.