Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданында ерекше көл бар. Аты ғана емес, заты да жұмбақ. Шайтанкөл! Табиғаттың бұл тамаша тартуының тылсымына бойлаймыз деп бағзыдан бүгінге дейін талай ғалымдар тер төккен. Алайда әлі күнге дейін өзінің өзгеше күйінен сыр алдырмай келе жатқан су айдынының шынымен де ішіне бүккен құпиясы көп сияқты...

Иә, қалай десек те Шайтанкөл жайында аңыз да, әңгіме де көп. Соның бірі осы өлкеден шыққан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров есімімен байланысты. Бұл турасында кезінде үшінші жақтан көп жазылып, айтылды да. Бірақ ол оқиғаның нақты мән-жайын батырдың өз аузынан жазып алудың сәті бізге бұйырыпты. Оны Тоқтар Оңғарбайұлы бізге былай әңгімелеп берді:
– Жас күнімде шешей марқұм: «Балам, Шайтанкөлге ешқашан шомылма», деп үнемі айтып отыратын. Бірақ себебін түсіндірмеді. Балалыққа салып мен де дендеп сұрамаппын. Әрине, анамның сөзін ойыма түйіп алдым. Арада жылдар өтті. Шешей мәңгілік мекеніне бет бұрды. Алматыдан астанаға көшіп келгеннен кейін жаз айының бір демалысында Қарқаралы жаққа жол түсті. Күн тас төбеге шығып алған, қайнаған ыстық. Қасымда достарым бар, қарақұрым халықпен бірге Шайтанкөлге көтерілдік. Ыстықтан діңкелеп келе жатқан жұрт келе сала суға лап қойды. Мен де солармен бірге сүңгідім. Анамның айтқаны есімнен мүлдем шығып кетіпті. Содан сапарымызды сәтті аяқтап, жексенбі үйге келдік. Дүйсенбі – жұмыс, ертерек демалуға жатып қалған едім. Түнде оянып кеттім, аузымнан от шыққандай демім өртеніп, тұла бойым күйіп жатыр екен. Не де болса бір дерттің сол Шайтанкөлден жабысқанын іштей сездім. Анамның сөзі де сонда есіме түсті. Бірақ не істеу керек екенін түсінбедім, дұрысы білмедім. Үйде ешкім жоқ болатын, барлығы демалысқа кеткен. Содан орнымнан сүйретіліп тұрдым да, маған бірдеңе болып қалса, ешкім кіре алмай қалмасын деп сыртқы алып темір есікті ашып қойдым. Келіп, орныма қайта жаттым. Бір оянсам, таң атыпты. Телефон безілдеп жатыр. Тұтқаны көтердім. Көмекшім хал-жағдай сұрады. Жұмысқа шықпағаныма алаңдаулы екен. Мән-жайды түсіндірдім де, дәріханадан қызу өлшейтін құрал ала келуін өтіндім. Өйткені үйдегі өлшегіш 40 градусты көрсетіп тұрды. Ақауы бар болар деп түйіп, тапсырып жатқаным ғой. Содан алып-ұшып жарты сағатта көмекшім келді. Оның әкелген құралдары да 40 градустан түспеді. Шошып кетіп, бірден жедел жәрдем шақырды. Қарсылық білдіргеніме де қарамады. Температурам 4 күн бойы түспей, бесінші күнге жалғасты. Дәрігерлердің істемегені жоқ. Содан бейсенбіден жұмаға қараған түні түс көрдім. Бас жағымда шешей марқұм тұр екен деймін: «Шайтанкөлге шомылма» деп айттым ғой, балам. Кешірім сұрашы! Тезірек кешірім сұрай қойшы», деп бәйек болып жатыр. Сонда өзімнің арғы дүние мен бергі дүниенің ортасына келіп қалғанымды түсіндім. Өйткені 40 градус температурамен 5 күн бойы арпалысу адамды қатты қажытады екен. Дереу есімді жидым да, Шайтанкөлден кәдімгідей кісіден кешірім сұрағандай кешірім сұрадым. Әлсіреп қалған екенмін, іле қайтадан ұйықтап кетіппін. Таңертең дәрігер келіп оятып, қызуымды өлшегенде, сенесіз бе, температурам 36,6-ны көрсетіп тұр. «Әне, көрдіңіз бе?! Бізге сенгеніңіз дұрыс болды», деп олар ем табылғанын өздерінің еңбегіне балап қуанып жатты. Ал мен болсам, өзімнің неге бұлай екі дүние ортасында қалғанымды және оның шипасының неден қонғанын да іштей біліп жаттым. Бірақ ешкімге тіс жармадым. Пенде емеспіз бе, кейде «жай ғана кездейсоқтық болар, бұл түк те тылсым емес, мүмкін шынымен де дәрігерлердің емі қонған шығар» деп кейін күмәнданып та жүрдім. Алайда арада бір-екі жыл өткен соң ұлым да достарымен Қарқаралыға демалуға кетті. Екі-үш күннен кейін баламды алып келді. Қызуы 39-дан асып, 40-қа сәл жетпей тұр. Әбден әлсіреген, өзі аяғымен жүре алмайды. Оны көргенде қойған алғашқы сұрағым: «Шайтанкөлге бардыңдар ма? Көлге түстің бе?» болды. Балам басын изеді. «Менің айтқанымды неге тыңдамадың?» деп едім, ол да жастыққа салып ұмытып кеткенін айтты. Содан екеуіміз отырып көлден кешірім сұрадық. Мен айтып отырдым, балам соңымнан барлығын қайталады. Сөйтіп, таңертең ұйқысынан құлан-таза айығып оянды. Кешегі қызудың ізі де жоқ. Енді мұны тылсым демей көріңізші?! Осы оқиғадан кейін мен Шайтанкөлдің ерекше қасиеті барына көзім анық жетті. Бұл көлге шомылу бір кісілерге жағады, бір кісілерге керісінше жақпайды. Мәселен, біздің тұқымға Шайтанкөл жақпайды. Оның себебі неде екенін нақты білмеймін, бірақ екеуінің арасында ерекше бір байланыс бары сөзсіз. Бізге бір-бірімізді ренжітуге болмайды. Адам көлге түскен сайын суды ренжітеді екен. Малтығанда суды аяқ-қолыңмен сабалайсың ғой. Соның бәрі қасиет қонған көлге әсерін бермей қоймайды екен. Анам маған жастайымнан соны ұғындырғысы келсе керек. Бүгінде мен де балаларыма, барша ұрпағыма осыны түсіндіріп, Шайтанкөлге түсуге түбегейлі тыйым салдым. Біздің әулет үшін ол киелі судың сұлулығына сүйсінуге болады, бірақ шомылуға болмайды», деп түйіндеді тұңғыш ғарышкер тылсымға толы әңгімесінің тоқетерін түйіп.
Расымен де, Қарқаралы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым қашықтықта, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктіктегі Шайтанкөлдің тылсымы толастар емес. Суы мөлдір, түбі тастақ, су сіңбейді. Оңтүстік, солтүстік, батыс жағаларын қоршап тұрған жартастардың биіктігі 10 метр және одан да биік. Айдыны қар, жаңбыр суымен толығады. Жауын-шашын мол жылдары артық су шарасынан асып, оңтүстік жағасындағы науа тәрізді арнамен ағып кетіп отырады. Көл құрғамайды. Жан-жағын қарағай, қайың, терек, таңқурай, тасжарған, тобылғы және тағы да басқа бұта өскен қалың ну орман көлеңке түсіріп, көл суын көп буланудан сақтап тұрады. Көлдің осылай бейнебір тостағанға құйылған мөлдір су іспетті таудың ұшар басына орналаса салуының өзі талай жұмбақтың шетін шығарады. Тереңдігі жайлы тағы анықтама жоқ. Ағынсыз. Өзі де ешқайда ақпай, өзіне де ешбір өзен құймай-ақ бағзы қалпын бір өзгертпейтін бұл көлдің құпия-тылсымының бір парасы, бәлкім, осында жатса керек. Бір қызығы, әйгілі көл тіпті бүгінгі ғылыми-техниканың дамыған тұсында да толықтай зерттеліп, тереңдігі мен еш өзен құймайтын, ағып шықпайтын бассейн суы құрамы да әлі күнге дейін анықталып, нақты сараптама жасалмапты. Бұл – алдағы уақытта жүргізілер тыңғылықты зерттеу жұмыстарына сұранып тұрғаны даусыз. Бір басына мың құпияны тоғыстырған шытырман Шайтанкөл тағдыры келешекте жүргізілер келелі ғылыми зерттеу жұмыстарының басты нысанына айнала алса, қанеки?!
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар