Ауғанстан 6,1 балдық жойқын жер сілкінісінің салдарымен күресіп жатыр. Елді басқарып отырған талибандар өзге елдерден халықаралық қолдау көрсетуін сұрады.

Шетелдік БАҚ дереккөздері бойынша табиғат апатынан мыңнан астам адам қаза тауып, 1 500-ге жуық адам жарақат алған. Ал үйінділердің астында қалған тұрғындардың саны белгісіз. Жер сілкінісінен, әсіресе оңтүстік-шығыстағы Пактика провинциясы қатты зардап шеккен. БҰҰ аман қалғандарды шұғыл баспанамен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысуда. Елдегі құтқару жұмыстарына нөсер жаңбыр мен техникалық ресурстардың жетіспеушілігі кедергі келтіруде. Табиғи апаттан тірі қалғандар мен құтқарушылар ВВС-ге зілзала ошағына жақын жердегі толығымен қираған ауылдар, бұзылған жолдар мен ұялы телефон мұнаралары туралы айтып, қаза тапқандардың саны көбейе түседі деп қауіптеніп отырғанын жеткізді.
Ауғанстанда соңғы жиырма жылдағы ең жойқын жер сілкінісі өткен жылы Батыс қолдаған үкімет құлағаннан кейін билікке қайта оралған исламшыл қозғалыс талибандар үшін басты проблемаға айналды. Жер сілкінісі Хост қаласынан шамамен 44 шақырым жерде болған, жерасты дүмпулері тіпті Пәкістан мен Үндістанда да сезілген. Ауғанстан онсыз да қазір гуманитарлық және экономикалық дағдарыс кезеңінде, осыны желеу еткен талибандардың жоғары лауазымды шенеунігі Абдул Кахар Балхи үкіметтің халыққа қажетті мөлшерде қаржылай көмек көрсете алмайтынын мәлімдеді. «Көмек агенттіктері, көрші елдер мен әлемдік державалар көмектесіп отыр», деді Абдул Кахар Балхи. Бірақ ол: «Көмек өте ауқымды болуы керек, өйткені бұл ондаған жылдар бойы болмаған жойқын жер сілкінісі», деп өзге елдерден көмек күтіп отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы Антониу Гутерриш болса агенттік апат аймағында «толық жұмылдырылғанын» айтты. БҰҰ өкілдерінің айтуынша, жер сілкінісі болған аймаққа медицина мамандары, дәрі-дәрмек, азық-түлік және төтенше жағдайға арналған баспаналар жіберілген. Әзірге құрбан болғандардың көбі Пактиканың Гаян және Бармал аймақтарында тіркелген. Гаяндегі тұтас бір ауыл жойылды деп хабарланды. Пактика емханасының дәрігері зардап шеккендер арасында медицина қызметкерлері бар екенін айтты. «Жер сілкінісіне дейін бізде мамандар мен техника жеткіліксіз болды, ал қазір жер сілкінісі біздің аз нәрсеміздің өзін жойып жіберді, түк қалмады. Қанша әріптесіміздің тірі екенін білмеймін», деді дәрігер. «Жер сілкінісінің әсерінен мобильді мұнаралар зақымдалғандықтан байланыс қиындап тұр, қаза тапқандардың саны бұдан да артуы мүмкін», деді жергілікті журналист BBC-ге берген сұхбатында. «Көптеген адам туыстарының жағдайынан хабарсыз, себебі телефондары жұмыс істемейді. Менің ағам және оның отбасы қайтыс болды, бұл туралы бірнеше сағаттан кейін білдім. Көптеген ауыл жойылып кетті», деп қосты ол.
Негізі Ауғанстан жер сілкіністеріне бейім елдердің бірі, себебі ол тектоникалық белсенді аймақта орналасқан. Чаман, Харируд, Орталық Бадахшан және Дарваз апатты аймақ саналады.
БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының мәліметінше, соңғы онжылдықта елде жер сілкінісі салдарынан 7 мыңнан астам адам қаза тапқан. Онда жер сілкінісі салдарынан жыл сайын орта есеппен 560 адам қайтыс болады. Қаңтар айында елдің батысында болған жер сілкінісі 20-дан астам адамның өмірін қиып, жүздеген үйді қиратқан.
Талибандар билікке келгенге дейін де Ауғанстанның төтенше жағдайлар қызметі табиғи апаттармен күресіп келді, ол кезде де құтқарушыларда ұшақтар мен тікұшақтар аз болды. Соңғы кездері елде дәрі-дәрмек тапшылығы да байқала бастаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан отбасыларының 93 пайызы азық-түлік жетіспеушілігінен зардап шегеді.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, Ауғанстанда жер сілкінісі сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 1:30-да (БСТ 22:00) алты миль (10 км), Хост қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 мильдей тереңдікте болған.
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде 38-41 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 19:32
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар