Елорда • 24 Маусым, 2022

Биыл елордада 100-ден астам көше жөнделеді

147 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 100-ден астам көше жөнделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елордада 100-ден астам көше жөнделеді

Елорда әкімдігінің сайтында жөндеу жүргізілетін көшелердің тізімі берілген:

  • Жеңіс даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылынан Есенберлин көшесіне дейін;
  • Толстой көшесі бойынша - Сембинов көшесінен Күлтөбе көшесіне дейін;
  • Қосшығұлұлы көшесімен Күмісбеков көшесінен 2-ші Алматы көшесіне дейін.
  • №103 көшеден басталатын жол;
  • Жетіген көшесі бойынша - Досмұхамедов көшесінен Алаш тас жолына дейін;
  • Қошқарбаев даңғылындағы жол өтпесі және жол айрығы - Абылайхан даңғылындағы жол айрығы;
  • әл-Фараби көшесі бойынша;
  • Жабаев көшесі бойынша - Қарағанды тас жолынан СМЭ ғимаратына дейін;
  • Жұбанов көшесі бойынша - Кенесары көшесінен Тархан көшесіне дейін;
  • Алтынсарин көшесі бойынша - Жеңіс даңғылынан Потанин көшесіне дейін;
  • Айнакөл көшесі бойынша - Төлебаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейін;
  • Рахимов көшесі бойынша - Кенесары көшесінен бастап Ғұмар Қараш көшесіне дейін.
  • п

Сондай-ақ қаланың шет аймақтарын дамыту бағдарламасы аясында 2020-2021 жылдары Көктал 1, Көктал 2, Комсомольский, Интернациональный, Достық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптарында инженерлік желілер мен жолдар салу бойынша жобалар іске асырылуда. Осы жылдар ішінде 31 км инженерлік желілер, сондай-ақ 6,2 км жол салынды.

Бейіндік басқармадан хабарлағандай, қазір Бөгенбай батыр даңғылындағы Уәлиханов көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскедегі көлік айрығының жол өтпесін қайта құрудың соңғы кезеңдері жүргізілуде.

Сондай-ақ елордада екі автомобиль көпірінің құрылысы жүріп жатыр.

Оң және сол жағалауды жалғайтын Ұлы дала даңғылындағы көпір Мәңгілік Ел даңғылын, Нәжімеденов, Байтұрсынов, Қошқарбаев көшелерін, Nova city ауданын, «Мыңжылдық» аллеясын түсіруге мүмкіндік береді. Теміржол вокзалының, Тельман ТМ, Промышленный ТМ, МЕТРО гипермаркеті ауданының, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және т.б. қолжетімділік артады.

Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы көпір Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалының ауданымен, Хазірет Сұлтан мешітінің ауданымен, Нәжімеденов, Қошқарбаев, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылдарының сол жағалауымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

г