БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 23 маусымда сағат 1:50-де Жәнібек-Талов тасжолының 25-шақырымында, Тау ауылының маңында болған.
«Volkswagen Polo жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік шұңқырға құлап кетті. Салонда бір адам болған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», деді ведомство өкілі.
Марқұм Тау ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында әйелі мен төрт баласы қалды.
Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.