Қазақстан • 24 Маусым, 2022

Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Alibaba.com сауда платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды

B2B форматындағы платформасында ашылған ұлттық павильон қазақстандық өндірушілерге өз өнімін интернет арқылы кедергісіз сатып, жарнамалауға мүмкіндік береді.

Павильонның ашылуына орай Zoom-конференция форматында өткен жиынға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, QazTrade АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы, Alibaba.com вице-президенті Эндрю Женг қатысты.

Вице-министр Қайрат Төребаев қазіргі уақытта электрондық коммерция қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстанның әлемдік трендпен бірге тыныстауға дайын екенін атап өтті. Оның айтуынша, Alibaba компаниясымен арадағы ынтымақтастықтың арқасында қазақстандық компаниялар өз өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжыту мүмкідігін кеңейте алады.

«Alibaba» алаңында ұлттық павильонның ашылуы шетелдік сатып алушылар тарапынан Қазақстан өнімдеріне жоғары сұраныс бар екенін растады», деді вице-министр.

Ал «QazTrade» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы отандық компаниялардың өнімін маркетплейстер арқылы таныту тиімді екенін атап өтті.

Қазір Alibaba.com базасындағы Қазақстанның ұлттық павильонында 130 қазақстандық компания «алтын» мәртебелі жеткізуші ретінде тіркелген. Олар 7500-ден астам тауарды ғаламдық платформа арқылы сатып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35