Аймақтар • 24 Маусым, 2022

ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен тергеу изоляторларының қызметкерлеріне Өскемен мен Семейдің екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді

Жедел ақпаратты алған ШҚО бойынша ҚАЖД 156/1 ОВ қызметкерлері оны полиция қызметкерлеріне тапсырды. Бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында Семей тұрғыны өз үйінде ТМ-62м танкке қарсы минаны жасырғаны анықталды.

Сонымен қатар ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 жедел бөлімі ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге аталған пәтерде 16 мм калибрлі БМ үлгісінің тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапты.

«Ер адамдарды қару алуға рұқсат құжаты болған жоқ. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды», делінген хабарламада.

«ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабына сай «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тергеу амалы жүргізіліп жатыр», деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінің бастығы Қанат Жүсіпов.