Ауа райы • 25 Маусым, 2022

Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

209 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

26 маусымда еліміздің 11 облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Күндіз Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Қарағандыда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді, күндіз Ұлытау облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Облыстың батысы, солтүстігі, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойысып, күн күркіреген кездегі екпіні 15 м/с жетеді, күндіз 37 градус ыстық болады. Қонаев қаласында 26 маусымда күндіз 37 градус қатты ыстық болады. Күндіз Жетісу облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, күндіз 37 градус қатты ыстық болады. Талдықорғанда күндіз 37 градус ыстық сақталады.

Қостанай облысының түнде батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында 40-44 градус қатты аптап ыстық болады. Күндіз облыс орталығында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 40-42 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының түнде солтүстігінде, күндіз тағы солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік бағыттан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Павлодар облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен соққан екпіні жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз 26-27 маусымда облыстың солтүстік-батысынан, батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Таразда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, күндіз 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Аяна Тоғанбек