25 Сәуір, 2014

Медиафорум: қоғам өзін электронды вирустан қорғауы тиіс

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-14-Eurazialik mediaforum.Dariga Nazarbaeva01

АСТАНА. 25 сәуір. Алдымен қоғам электронды вирустан қалай қорғануды үйренуі керек. ХІІ Еуразиялық медиафорумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева осылай деді. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы хабарлады. Жиын барысында Дариға Назарбаева: «Осы залда жиналып отырған бәріміз сөз еркіндігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын қалтқысыз әрі дәйекті түрде жақтаймыз деп ойлаймын. Сонымен қатар, біз бұқаралық медианың жауапкершілігін терең сезінеміз. Өйткені, қоғамның ішіне іріткі салып, құртатын – сол жауапсыздық», – деген пікірін жеткізді. Сондай-ақ, ол: «Таяуда Түркия YouTube пен Twitterге тосқауыл қойды. Бірақ көп ұзамай Twitterге қайта жол ашылып еді, іле өтірік пікір-талас өршіп шыға келді», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Қазақстан» ұлттық арнасы. Фото: Gazeta.kz.