26 Сәуір, 2014

Қазақстандық қыздар тағы үш қола медаль жеңіп алды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-04-14-aim-abildinova-2

АСТАНА. 25 сәуір. Астанада өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатының үшінші күні үш қазақстандық қыз қола медальге қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Бұл күні әйелдер турнирінде төрт салмақ категориясы бойынша іріктеу белдесулері өтір, төрт қазақстандық атлет қола медаль үшін таласу құқығына ме болды. Олардың арасынан кілемге бірінші болып 53 килоға дейінгі салмақтағы Жұлдыз Ешімова көтерілді. Ол жапон Хикара Сугавараға барынша қарсылық көрсетіп бақты. Бірақ ақырында ұтылып қалды. Бұдан кейін біздің қыздар алдарына қойған мақсаттарын орындап шықты. 55 килоға дейінгі салмақтағы Айым Әбілдина (суретте) өзбек Севара Эшмуратовамен белдесуді жеңіспен аяқтады. 63 килоға дейінгі салмақтағы әлемнің өткен жылғы жүлдегері Екатерина Ларионова вьетнамдық Ли Тхи Хьенді таза жеңді. Содан соң 69 килодағы Эльмира Сыздықова тайпейлік Ю Тинге қарсы шықты. Күрес бойына алда тұрған жерлесіміз ақырында жеңіске де жетті. Еске сала кетейік, 24 сәуір күні 48 килодағы Татьяна Аманжол алтын медаль жеңіп алған еді. Енді әйелдер арасында бір ғана салмақ бойынша белдесу қалды. Атап айтқанда, ертең 75 килодан ауыр салмақта күш сынасу болады. Онда қазақстандықтар қатарынан құраманың бас жаттықтырушысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Гюзель Манюрова ел намысын қорғайды. Чемпионат 27 сәуір күні аяқталады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: vesti.kz.