26 Сәуір, 2014

Әкімнің әділ шешімі

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс орталығында ерекше қорғалған аумақта өсіп тұрған 5 мыңға жуық ағашты кесіп, тұр­­­­ғын үйлер құрылысы салынады дегенді естіп, тұрғындар қарсылық білдірді. Өйткені, бұ­рыннан бері «Ворушин орманы» атанып кеткен бұл бақ зауыттардың түтінінен қала­ны, сонымен бірге, жақын маң­дағы тұрғын үйлерді зиянды шыға­рындылардан қорғау үшін егілген-ді. Ал, қалалық әкім­дік орманды түгел отап, бұл жерге «Жұлдыз» деп аталатын 16 қа­батты тұрғын үйлер салмақ­шы еді. Мұның себебін облыс орталығының таршылық ете бас­тағанымен, сондықтан тұрғын үйлер құрылысын қала шетінен салуды қолға алғандарымен тү­сіндірді. «Қала әкімдігі ше­ші­мін өзгертсін. Өзгертпесе, қар­сы­лық білдіреміз», деген еді тұрғындар. Шынымен, саябақ ерекше қорғалатын аумақта орналасқан және экологиялық қорғаныс функциясын орындап тұр. Сондықтан да бұл аумаққа құрылыс нысандары салынбайды. Мәселе, орманды сақтап қалуда ғана емес, оның аумағын абаттандыруды, тұрғындардың демалуына жағдай жасауды тапсырамын, деді облыс басшысы Қанат Бозымбаев. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.