Спорт • 27 Маусым, 2022

Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astana Qazaqstan Team велоклубы маусымның басты жарысы - «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады

Шосседе өтетін көпкүндік веложарыс 1-24 шілде аралығына жоспарланған.

Қазақстандық команда құрамында 8 спортшы бар. Олар - Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Дмитрий Груздев (Қазақстан, Джо Домбровски (АҚШ), Алексей Луценко (Қазақстан), Джанни Москон (Италия), Симоне Веласко (Италия) және Андрей Зейц (Қазақстан).а

Жарыстың спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Бруно Ченьялта (Италия), Стефано Занини (Италия).