Сенатта журналистер арасындағы «Парасат» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биыл «Парасат» байқауына 100-ден астам жұмыс келіп түскен. Авторлардың қатарында елордамен бірге өңірлердегі телеарна, радио, газет, ақпараттық портал және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері бар.

БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформаларын және «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолындағы сенаторлардың жұмысына тоқталды. Бұл бағытта Палатаның ақпараттық ашықтығына баса мән беріледі.
«Сенат жұмысында қызметіміздің ашықтығына және БАҚ өкілдерімен тығыз байланысқа әрдайым ерекше көңіл бөлеміз. Бұл – біз үшін маңызды бағыт. Біз Сенаттың заң шығару қызметін халыққа жан-жақты жеткізуге мүдделіміз», деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Спикері депутаттар қабылданатын заңдардың сапасына терең мән беретінін айтты. Сондай-ақ олар азаматтарды алаңдатқан мәселелерді үнемі көтеріп келеді. Осы жұмыстарды жұртқа жеткізу үшін Сенат дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен және масс-медиамен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыра береді. Сонымен қатар Палата Төрағасы Сенаттың заң шығару қызметін халыққа дәріптеп жүрген журналистердің парламенттік пулына, еліміздегі телеарна, радио, баспасөз редакцияларына алғыс білдірді.
Сонымен «Парасат» байқауының 2022 жылғы жеңімпаздары болып «Үздік телевизия материалы» аталымы бойынша «Хабар 24» телеарнасының журналисі Дастан Сейілханұлы және Astana TV телеарнасының тілшісі Яна Гладкова танылды. Ал «Үздік баспасөз материалы» аталымын әріптесіміз, Egemen Qazaqstan газетінің аға тілшісі Абай Отар жеңіп алды. Дәл осындай аталыммен «Рудный Алтай» Шығыс Қазақстан облыстық газетінің ұжымы марапатталды.
Stan.kz ақпарат порталынан Айнұр Мұхади мен «БЕСсимптомно» телеграм-каналының жетекшісі Серікжан Мәулетбай «Интернет басылымдардағы үздік материал» аталымында оқ бойы озып шықса, «Әлеуметтік желілердегі үздік материал» аталымын «Сұрауы бар» YouTube арнасының авторы Ербол Сейілхан және қоғам қайраткері Марат Шибұтов өзара бөлісті.
«Жаңа Қазақстан» арнайы жүлдесі үздік сараптамалық материалы үшін Qazaqstan ұлттық телеарнасының журналисі Жалғас Алтаев пен «Еуразия» бірінші арнасының «Грани» телевизиялық бағдарламасына берілді. «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесі Tengrinews.kz ақпараттық порталының ұжымы және «Казахстанская правда» газетінің журналисі Лаура Түсіпбековаға тапсырылды.
Путин мен Пашинян Қарабақтағы жағдайды талқылады
Әлем • Бүгін, 10:28
Павлодарда мұнайды заңсыз сатқандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 10:11
45 жастағы ер адам Жайық өзеніне батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:00
Қазақстанның экспорт көлемі артты
Экономика • Бүгін, 09:52
Вакцина салдырғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Юлия Путинцева Торонто турнирінде сәтті өнер көрсетті
Теннис • Бүгін, 09:32
1691 қазақстандық коронавирустан сауығып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:23
9 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:15
Президенттің қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды
Президент • Бүгін, 09:07
Өткен тәулікте 1128 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Футбол • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Кәсіпкерлерге push-хабарлама жібереді
Технология • Бүгін, 08:37
Алаяққа арбалған талай жұрттың баласы
Қоғам • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:34
Мобильді бригадалардың жұмысы ширай түсті
Медицина • Бүгін, 08:32
Аурухананың жаңа корпусы ашылады
Медицина • Бүгін, 08:30
Мүгедек жандардың әлеуметтенуін қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:25
Несие шартын өзгерту үшін не істеу керек?
Қаржы • Бүгін, 08:23
«Ауыл аманаты» үмітті ақтаса игі
Аймақтар • Бүгін, 08:20
Аумақтық органдарға арналған семинар-кеңес
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Ұқсас жаңалықтар