Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстанның Еуропалық бизнес ассоциациясы директорлар кеңесінің мүшесі және Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушезбен кездесті.
Кездесу Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі мүмкін деген шараларды талқылауға арналды. Ассоциация өкілдері Премьер-Министрмен инновациялық, жоғары технологиялық және стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторлар жолығатын проблемаларды, визалық және көші-қон мәселелерін, еңбек заңнамасы мен шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелерін, экономиканы әртараптандыру және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Үкімет пен Қазақстанның Еуропалық бизнес ассоциациясы арасындағы одан арғы іс-қимылдар жоспары келісілді. Нәтижесінде әкімшілік кедергілерді жою жөнінен заңнамаларды одан әрі жетілдіру және нақты ұсыныстар қалыптастыру үшін мүдделі тараптарды кеңінен шақыра отырып, бірлескен дөңгелек үстелдер өткізу және жұмыс топтарын құру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.