Аймақтар • 28 Маусым, 2022

Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық сотының ғимаратын таңертең полиция қоршауға алды. Арнайы операцияға ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хабарлама себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды

Облыстық соттың баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«Бүгін таңертең Ақмола облыстық сотының ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы сот маманына хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта ақпаратты арнайы қызмет тексеріп жатыр», деп атап өтті ведомство.