Әлем • 28 Маусым, 2022

Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Миссури штатында жолаушылар пойызы мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Американың «Amtrak» ұлттық теміржол операторының хабарлауынша, Лос-Анджелестен Чикагоға бағыт алған «Southwest Chief» жолаушылар пойызы Мендон маңындағы теміржол өткелінде жүк көлігіне соғылған.

Оқиға салдарынан 7 вагон мен 2 локомотив рельстен шығып кеткен. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері соқтығыстың салдарынан пойыздағы екі адам, жүк көлігінде бір адам қаза тапқанын растады. Пойыздағы 243 жолаушы мен 12 экипаж мүшесінің кем дегенде 50-і жарақат алған. Бұған дейін пойыздардың рельстен шығып кетуіне байланысты жол-көлік оқиғалары Иран, Қытай және Германияда тіркелген.

Аяна Тоғанбек