26 Сәуір, 2014

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері комитетінде Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатовтың төрағалық етуімен Бас әскери прокуратураның жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында Қазақстан Қа­рулы Күштеріндегі, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы сы­бай­лас жемқорлық құқық бұзу­шы­лықтарының профилак­тикасының кейбір мәселелері қаралды. Қоғамдық кеңес отырысына Қа­рулы Күштер Бас штабының, Іш­кі әскерлер комитетінің, Шекара қыз­метінің бірінші басшыларының орынбасарлары және әскери полиция органдары басшылары қатысты. Абай Тасболатов әлі де болса қол сұғушылықтың негізгі нысаны ретінде бюджеттік қаражат, әскери мүлік және қолдан ұйым­дас­тырылған әкімшілік кедергілер болып табылатынын атап өтті. Отырыс барысында әскери ведомстволар өкілдерінің есеп­тері тыңдалып, тәртіптік комис­сиялардың рөлін күшейту бойынша және әскери саладағы сыбайластық тәуекелділікті тыюға бастау болатын әскери басқару органдарының құқық қорғау органдарымен анағұрлым ты­ғыз әрекеттестікті орнату туралы конс­трук­тивті ұсыныстар талқы­ланды. Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15