26 Сәуір, 2014

Комитет төрағасы елшімен кездесті

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Жапонияның Қазақстандағы елшісі Масаеси Камохарамен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Жүздесушілер мемлекетаралық өзара іс-қимылдың маңызды түрі болып табылатын Қазақстан-Жапония парламентаралық байланыстарын дамыту туралы пікір алмасты. Р.Ахметов атап өткендей, қазіргі кезде екіжақты парламентаралық үнқатысуды кеңейту үшін жақсы негіз жасалды. Қазақстан Парламентінің қос палатасында да Жапония Парламентімен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді. Жапонияның жоғары заң шығару органында да Қазақстанмен Достық лигасы бар. Сенаттағы ынтымақтастық тобына жетекшілік ететін Р.Ахметовтің пікірінше, осы бірлестіктердің әлеуетін мейлінше толық көлемде пайдалану қажет. Кездесуде, сондай-ақ, екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды қалыптастыру жолдары, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жапон компанияларының қатысуы және мәдени-гуманитарлық алмасуларды нығайту жөнінде сөз болды. Кездесуге Сенаттың Халықаралық қатынастар, қор­ға­ныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова қатысып, Семей ядролық по­лигоны аумағын сауықтыруға халықаралық жәр­дем, сондай-ақ, аэроғарыш саласындағы ынты­мақ­тастықтың келешегі туралы мәселелерді көтерді.
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15