Аймақтар • 28 Маусым, 2022

Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды

356 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жуырда Алматыдағы ARTиШок театрының сахнасында қала­да­ғы жалғыз әлеуметтік «Реванш» театрының труппасы «Жай ғана махаббат керек» спектаклін ұсын­ғаны туралы баяндамас бұрын, соңғы он жылда ЖИТС-тан көз жұма­тындар саны екі есеге азай­ғанын атап өткен жөн.

Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды

Бұл қойылымның ерекшелігі – ­театр актерлерінің арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, бұрын есірткі пай­да­ланғандар мен сотталғандар бар. Сце­нарийге метаморфозаға, ізденуге, кү­мән­ға, тіпті мистикаға толы жас жігіттің оқиғасы арқау болады. Тығырыққа ті­рей­­­тін сұрақтарға жауаптар да кейде тым қарапайым.

Қойылымға «Реванш» кешенді қол­дау орталығы» қоғамдық қорымен бір­ге AMEC Almaty, Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орта­лығы ұйытқы болып, ЖИТС-тан қайтыс болғандарға бағышталды.

Спектакль басталар алдында ұйым­дас­тырушылар көрермендерге Дүние­жүзілік ЖИТС-тан қайтыс болған адам­­­дарды еске алу күнінің нышаны – ин­тер­­активті квилт жасауды ұсынды. Қа­жет деп тапқандар спектакль алдын­да АИТВ-ға жедел-тест тапсырып, маман­дардың кеңесін алды.

Спектакльге кіру донаттар, яғни қа­йырымдылық тұрғыда жүзеге асырылды. Донаттың мөлшерін әр көрермен өзі анықтады. Жиналған барлық қаражат театрды дамытуға жұмсалмақ.

Көп жағдайда ЖИТС-тан болатын ажал (АИТВ-инфекциясы асқынуының соңғы сатысы) АИТВ жұқтырған адам­ның мамандандырылған ем алуға мүм­кіндігі болмауынан да туындайды. Алай­да қазіргі медицина жетістіктері арқы­лы АИТВ-инфекциясы өлім санатынан созылмалы аурулар санатына ауысқанын айрықша атап өту керек. Егер АИТВ-ахуалды адам антиретровирустық препараттармен емделуді дер кезінде бастап, дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындап отырса, ұзақ әрі ел қатарлы өмір сүре алады. Заманауи емдеу әдістерінің нәтижесінде АИТВ жұқтырғандардың өмірінің кәдімгі адамдардың өмірінен еш айырмашылығы жоқ.

Жоғарыда атап өткендей, егер еліміз­де кейінгі он жылда ЖИТС-тан болатын өлім-жітім екі есе азайса, бұл – АӨА диаг­нозы расталғаннан кейін бірден бері­летін тегін антиретровирустық тера­пия­ның қолжетімділігін арттырудың ­басты нәтижесі.

– Соңғы үш жылда халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар­мен ынтымақтаса отырып, елімізде АРВ-препараттарын сатып алу бағасын айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілді. Қаражатты осылайша үнемдеу АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін АРТ-мен қамтуды едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қосымша емдеу тиімділігі жоғары және қауіпсіздік профилі бар 5 жаңа инновациялық АРВП енгізілді. Бүгінде 18 дәрі азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қам­тамасыз етуге арналған дәрілік зат­тар мен медициналық бұйымдар тізбе­сі­не кіреді, – дейді Қазақ дерматология және ин­фекциялық аурулар ғылыми орта­лығының директоры Асылхан Әбішев.

к

Жүйелі жүргізілген профилактика­лық шаралардың нәтижесінде елімізде АИТВ-инфекциясының таралу дең­гейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының бағалауы бойынша шоғырланған сатыда сақталып отыр. Бір жыл ішінде тестілеу көлемі 15 пайызға артқан. Есеп­ке қою кезінде жүкті әйелдерді тесті­леумен қамту 99,6% құрайды.

БҰҰ-ның 2021 жылғы Саяси дек­­­ла­рациясының мақсаттары мен ЮНЭЙДС 95-95-95 мақсаттарын орындау шең­­бе­рінде Қазақстанда АӨА бағалау са­­ны­­нан 81%-ы өзінің АИТВ ахуалын бі­леді, оның ішінде АРТ-ны – 79%-ы қабыл­дайды, айқындалмайтын вирустық жүк­темесі бар – 86% науқас бар.

Ал енді жоғарыдағы «Реванш» әлеу­меттік театрының қойылымына оралатын болсақ, актерлер арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен негізгі топтардың өкілдері де болды.

– АИТВ-инфекциясы қашан да өзекті мәселе. Сондықтан алдын алу шараларын жүзеге асыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың денсаулығын сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкін­дік беретін арнайы антиретровирустық ем қолдану маңызды, – дейді Алматы қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігері Марат Төкеев.

– Біздің қор өмірлік қиын жағдайға тап болған, соның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерге белсенді түрде көмек­теседі. Оған қоса әлеуметтік, меди­циналық, психологиялық, заңгерлік көмек көрсетеміз. Өкінішке қарай, бізде мұн­дай әйелдер үшін баспана мен орта­лықтардың жетіспеушілігі байқалады. Мемлекет пен бизнес-құрылымдар тарапынан көмек қажет, – дейді «Реванш» кешенді қолдау орталығы» ҚҚ директоры Елена Билоконь.

Спектакль режиссерлер Надежда Пляскина мен Наталья Лукьянованың жетек­шілігіндегі труппа жасаған түп­нұсқа сценарий бойынша қойылды.

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға таптаурын көзқарастар мен кемсітуді азайту – «АИТВ індетін бақылаудың Ал­маты моделі» жобасының мақсат­та­ры­ның бірі». Барлық адам АИТВ-ахуа­­лына, басқа да жыныстық ерекше­лік­теріне қарамастан, өзін, өз арманда­ры мен қабілетін жүзеге асыра отырып, толық­қанды өмір сүруге құқылы бо­луы керек. Спектакльге қатысқан әртіс­­тер Алматының мыңдаған бояулар қа­ла­сы ғана емес, армандар орындала­тын мүм­кіндіктер қаласы екенін өз тәжіри­бе­сі­нен көрсетеді», дейді Орталық Азия­дағы Колумбия университетіндегі ICAP орталы­ғының директоры Анна Дерябина.

 

АЛМАТЫ