Апта басында Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаевтың 90 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалин сөз сөйлеп ашты. «Қазақтың дарынды қаламгері Кемел Тоқаев сол кезеңдерде әдебиет әлеміне тосындау болып көрінген детектив жанрының іргесі беки түсуіне бар күш-жігерін жұмсап, осынау тың бағыттың сапасын аса жоғары деңгейге шығарды. Және сол биіктен ешбір аласармай, жазушылық кәсібіне көлеңке түсірмей, жауапкершілік жүгін абыроймен көтеріп, өскелең ұрпаққа шынайы шеберлік үлгісін көрсетті», деді төраға. Сондай-ақ, Одақ басшысы жазушының ұлы, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпшілік қауымға арнаған жүрекжарды лебізін жеткізді.
Кешке арнайы қатысқан Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Төлеубек Мұқашев Кемел Тоқаев шығармашылығы мен азаматтығы жайлы сындарлы пікірін айта келе, өмірден өткен қаламгерлерді әрдайым еске алып, олардың жарқын өмірі мен шығармашылығын қоғам жадынан шығармай, жас буынға насихаттап отыруды дәстүрге енгізген Қазақстан Жазушылар одағына алғыс сезімін білдірді.
Салтанатты жиында халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Қазақ» газетінің бас редакторы Қоғабай Сәрсекеев қаламгер шығармашылығы жайлы кең ауқымда баяндама жасады. Белгілі қаламгерлер Бексұлтан Нұржекеұлы мен Ахметжан Ашири шытырман оқиғалы жанр шебері туралы өз естеліктерін ортаға салды. Сондай-ақ, Сейфолла Оспанов, Рафаэль Ниязбеков, Шөмішбай Сариев сынды көрнекті ақындар Кемел Тоқаевқа арналған өлеңдерін оқыды.
Қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, қаламгер Кемел Тоқаев өз кезінде Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірнеше мәрте лауреат атанды. Жазушы қаламынан әр кезеңдерде «Сарғабандағы оқиға», «Таңбалы алтын», «Арнаулы тапсырма», «Солдат соғысқа кетті», «Соңғы соққы», «Ұясынан безген құс» сынды ондаған шығармалар жарыққа келді.
Жазушының 90 жылдық мерейлі еске алу кешінде Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Сонымен бірге, қазақ эстрадасының өнер жұлдыздары Нұрғали Нүсіпжанов, Талғат Күзембаев, Рамазан Стамғазиев, Бағдат Сәмединова және басқалары әуелеген әнімен салтанатқа жиналған қауымды әсерлі сезімге бөледі.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Елімізде тоғыз банк тарату сатысында тұр
Банк • Бүгін, 11:21
Қонақ үйлер заманауи стандарттарға сай жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 11:15
Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсті
Туризм • Бүгін, 11:05
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
Қоғам • Бүгін, 11:00
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Оқиға • Бүгін, 10:57
Ішкі жалпы өнімдегі орта бизнестің үлесі қандай?
Бизнес • Бүгін, 10:45
Елімізде 500 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығарылды
Экономика • Бүгін, 10:40
Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын иеленді
Спорт • Бүгін, 10:35
Қостанайда ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Депутат: Қазақстанның ақшасына неліктен шетелдік корпорацияны қаржыландырып отырмыз?
Қоғам • Бүгін, 10:23
Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды
Қоғам • Бүгін, 10:15
Ақсайда келешек мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 10:04
Солтүстік Корея алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
Әлем • Бүгін, 09:57
Қазақстанда қолма-қол ақшамен есептесетіндер үлесі күрт өсті
Қаржы • Бүгін, 09:53