Қоғам • 29 Маусым, 2022

Қазақстанда ағаш кескендердің жазасы күшейтіледі

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжілісінің жалпы отырысында қаралған экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша ӘҚБтК-не, ҚК-не және ҚР ҚІЖК-не түзетулер көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ағаш кескендердің жазасы күшейтіледі

Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи байлықтарын қорғау үшін заң жобаларына бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қарастырады.

Мысалы, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне Қазақстан аз орманды болуына байланысты орман пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту қажет.

Заң жобасында ӘҚБтК-нің 368-бабының 2-бөлігінде «кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудің, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгіленген тәртібін бұзу» ерекше қорғалатын табиғи аумақта жасалған іс-әрекеттер үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ ұлттық парктерді қатты тұрмыстық қалдықтармен ластаудың өзекті проблемасына байланысты орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қоры жерлеріне өзге де залал келтіргені үшін айыппұлдар мөлшері ұлғайтылды.

Соңғы жылдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жекелеген тұлғалардың тәртіп бұзуы жиілеген. Егер 2017 жылы барлығы 41 құқық бұзушылық жасалса, 2020 жылы пандемияға қарамастан 900-ден астам адам жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты заң жобасында айыппұл мөлшерін 2 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделген.

Бұдан басқа, ол қазіргі уақытта ӘҚБтК - де ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделмегенін, алайда ҚР ҚК-нің 342-бабында көзделгенін, сондықтан ӘҚБтК-нің «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу» деген жаңа 380-1-бабымен толықтырылғанын айтты.

ҚР ҚК-де ағаш кесу динамикасын ескере отырып, елеулі залалды 100-ден 50 АЕК-ке дейін; ірі залалды 1000-нан 500 АЕК-ке дейін төмендету көзделеді. Бұл ретте аса ірі залал көрсеткіші өзгеріссіз қалып, 2000 АЕК-ті құрайды.