Қаржы • 29 Маусым, 2022

Доллар қайта қымбаттады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қайта қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,78 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 465, 08 теңге. Ұлттық банктің 29 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 456, 05 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 460 теңге, сатып алу – 465,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 459,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 462 теңге.

Аяна Тоғанбек