«Каспийдің экожүйесін сақтау біздің ынтымақтастығымыздың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Каспий жағалауының миллиондаған тұрғындарының экономикалық дамуы мен әл-ауқаты трансшекаралық су қоймасының табиғи ортасын сақтау міндетімен тығыз байланысты. Жер қойнауын белсенді пайдалану және ресурстарды тасымалдау аймақтың экологиясы үшін үлкен қауіп төндіреді.
Сонымен қатар жаһандық жылыну және соған байланысты климаттық өзгерістер су ресурстарына қауіп төндіреді», деді Мемлекет басшысы.
Аяна Тоғанбек