Президент • 29 Маусым, 2022

Каспий маңы елдеріне мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қажет - Тоқаев

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан Каспий саммитінде Каспийдің теңіз ортасын қорғау мәселелері жөніндегі негізгі ережелер 2003 жылғы Тегеран Конвенциясында бекітілгенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий маңы елдеріне мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қажет - Тоқаев

«Құжатқа қол қойылған күннен бастап 20 жылға жуық уақыт өтті, алайда, өкінішке қарай, Хатшылықты құру мәселесі әлі шешілген жоқ. Оның функцияларын әлі күнге дейін Женевадағы БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының еуропалық кеңсесі жүзеге асырады.

Қазақстан серіктестерінің назарын Хатшылық толыққанды халықаралық ұйым ретінде жағалаудағы елдердің бірінде орналасуы тиіс екендігіне бірнеше рет аударған еді.

Каспий маңы елдерінің шеңберінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қажеттілігі бірнеше рет талқыланды. Осы бағытта нақты қадамдар жасайтын кез келді деп санаймыз. Бұл біздің халықтарымызды жақындастырып қана қоймай, Каспийді зерттеу кезінде өзара іс-қимылды едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Каспий бестігі» талдамалық құрылымдарының консорциумын құру пайдалы болады деп ойлаймын. Біздің ортақ игілігіміз бен ата-бабаларымыздың мұрасы – дана да берекелі Каспий әрқашан достық пен өзара тиімді ынтымақтастық теңізі болып қала беретінін ерекше атап өткім келеді», деді Мемлекет басшысы сөз соңында.