26 Сәуір, 2014

«Антиконтрафакт» форумы өтпек

264 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
VII Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен 2014 жылғы 21 мамырда «Антиконтрафакт» форумы өткізіледі. «Антиконтрафакт» форумы, бұл – контрафактілі жасанды өніммен күрес, зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өркениетті нарығын қалыптастыру саласында билік, бизнес, ғылым өкілдерінің, құқық иеленушілердің, өндірушілердің, авторлар мен жұртшылықтың сындарлы сұхбат құруына арналған халықаралық алаң. Форумның басты тақырыбы контрафактілі, бұрмаланған және сапасыз өнімдер айналымына қарсы күрес және оны ұйымдастыруға байланысты мәселелер төңірегінде болады. «Антиконтрафакт» фо­ру­мының аясында бес сессия өт­кі­зіледі деп жоспарлануда. Бірінші сессия Кеден одағы шеңберінде зияткерлік меншік саласындағы заңнамаларды үй­лестіру мәселелеріне арналады. Екінші сессияда азық-түлік, фармацевтикалық қауіпсіздік және балалар тауарларының қауіпсіздігі жайлы мәселелер қарастырылады. Келеңсіз құбылыстардың бірі – пираттық, бүгінгі күні музыкалық аудио және бейне өнімдерде кеңінен таралып отыр. «Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету» атты үшінші сессияда осы тақырып талқыланатын болады. Кеден одағына мүше мемлекеттердің БЭК аумағында контрафактілі және жалған өнімнің өндірілуі мен таратылуына қарсы іс-әрекет бойынша өзара іс-қимылының стратегиясын жасап шығу қажеттілігі жөнінде төртінші сессияда айтылады. Сонымен қатар, арнайы мамандар форум барысында зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету – жосықсыз бәсекеден қорғау мәселелерін талқылайды. «Антиконтрафакт» форумының спикерлері мен қатысушылары Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Рес­публикасы үкіметтерінің; Дүние­жүзілік зияткерлік меншік ұйы­мының (ДЗМҰ); Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК); Дүниежүзілік кеден ұйы­мының (WCO); Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының; Интерполдың; Халықаралық тауар таңбалары қауымдастығының (INTA); Халықаралық фонограммалар өндірушілері феде­ра­циясының (IFPI); Африка зият­керлік меншік ұйымының, ТМД елдері мен алыс шетелдердің мем­лекеттік органдарының, қоғам­дық ұйымдардың, құқық иеле­нушілердің, ЖОО-лардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар болып табылады. «Егемен-ақпарат».