Медицина • 29 Маусым, 2022

Медицина мамандарына дәріс оқыды

311 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Пренаталдық диагнос­ти­­каның таңдаулы мәсе­ле­­лері» тегін курсын «Шев­рон» компаниясының қар­жылай қолдауымен AYALA қайырымдылық қо­ры ұйым­дастырды. Оқыту Нұр-Сұлтан қаласындағы Ақмо­ла облысының №2 көп­са­лалы ауруханасын сарап­тамалық сыныптағы УДЗ-аппаратпен және 8 кар­дио­монитормен жабдықтау жөніндегі жобаның соңғы кезеңі болды.

Медицина мамандарына дәріс оқыды

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Сараптамалық сыныптағы УДЗ-аппа­рат­тарымен қамтамасыз ету және дәрігерлерді туа біткен дефор­мация аномалиялары мен хромо­сомалық бұзушылықтарды құрсақ ішіндегі анықтау бойынша оқыту – Денсаулық сақтау ми­­­нистрлігі үшін балалардың мү­­гедектігін қысқарту туралы мә­­­се­лені шешудегі басты басым­дық­тардың бірі.

Кәсіпорынның Қазақстанда­ғы қо­ғам­мен байланыс жөнін­дегі үйлес­ті­рушісі Жанар Қош­панованың айтуынша, кардио­мо­­ниторлармен бір­ге пре­на­тал­дық скринингке арнал­ған УДЗ-жаб­дықтары және арнайы әзірлен­ген біліктілікті арттыру бағдарла­ма­сы дәрігерлер мен бола­шақ ата-аналарға әлі дүниеге келмеген сәбидің денсаулығы ту­ралы то­лық ақпарат алуға мүм­кіндік береді.

«Біз пренаталдық диагнос­тика­дағы дәлдік пен уақтылы ауыр, дәрігерлік түзетуге келмейтін ке­міс­тіктері бар балалардың тууын бол­дырмауға көмектесетініне және еліміздің болашақ ұрпақтарының гене­тикалық денсаулығын қалып­тастыруға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз», деді Ж.Қошпанова.

Денсаулық сақтау министр­лігінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда түрлі аурулар бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 98 мыңнан асты. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2010 жылы бұл көрсеткіш жарты есеге аз болып, 49 349 баланы құ­рады. Біз жыл сайын мүгедек балалар санының қарқынды өсіп келе жатқанын байқап отыр­мыз. Бұл ретте екі негізгі себеп басым – бұл туа біткен деформация аномалиялары және хромосомалық бұзылулар, сондай-ақ жүктілік пен босану ағымының асқынулары. Сондықтан пренаталдық диаг­ностиканы жетілдіру және даму кемістігі бар балалардың тууын болдырмау – Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ана мен бала денсаулығын қорғау депар­таментінің басым бағыты.

AYALA қоры 15 жылдан бері Қазақстанда бала өлімі мен мүге­дектікті азайту бойынша жұмыс істеп келеді. «Осы уақыт ішінде біз 1 100-ден астам реанимациялық жаб­дық­тарды пренаталдық орта­лық­тар мен балалар ауруханалары­на бердік. Биыл дәрігерлерге құр­сақ ішілік дамудың түрлі па­то­­логиясын дәл және дер ке­зінде анықтауға, сондай-ақ неона­тал­дық офтальмологиялық скрининг жүргізуге көмектесетін диаг­нос­тикалық құрал-жабдықтарды сатып алуға күш саламыз. Денсау­лық сақтау министрлігі Ана мен баланы қорғау департаментінің басшылығымен кездесуде ортақ басымдықтарымыздың толық сәй­кес келетініне көз жеткіздік. Еліміздің медициналық мекеме­лерін сараптамалық сыныптағы УДЗ-аппараттармен қамтамасыз ету және УДЗ-дәрігерлерді нақты пренаталдық диагностикадан өткі­зу жөніндегі бастамамыз «Шев­рон» компаниясының қолдауына ие болғанына қуаныштымыз. Біз осы қауіпті трендті бірге өзгер­тіп, Қазақстандағы сәбилердің мү­ге­дектігін азайта аламыз», деді AYALA қоғамдық қорының прези­денті Айдан Сүлейменова.

«Шеврон» компаниясының қар­жылай қолдауымен Нұр-Сұл­тан қаласындағы Ақмола облысының ­№2 көпсалалы ауруханасында ­­­8 кардиомонитормен жиынтықтал­ған SAMSUNG өндірісінің сарап­тамалық сыныптағы HERA W10 ап­параты орнатылды. Бұл жо­баны тұрақты дамыту үшін AYALA қо­ры «Пренаталдық диагнос­ти­ка­ның таңдаулы мәселелері» ар­найы курсын әзірледі, одан құрамдас­тырылған форматта (онлайн және офлайн) Денсаулық сақтау ми­нистрлігі ұсынған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20 УДЗ-дәрігер оқудан өтті. Онлайн оқытуға дә­ріс­тер, онлайн симулятордағы тап­сырмалар, үй тапсырмаларын орын­дау және оны аяқтау кезінде міндетті қорытынды тестілеу кірді. Офлайн оқыту аурухананың өзінде УДЗ-аппараттың орнатылған базасында өтті. Тәжірибелі оқытушы – жоғары санатты практик УДЗ-дәрігерімен бірге қазақстандық ауруханалардың дәрігерлері жүкті пациенттерді ультрадыбыспен тек­сере алды, диагноздар қоюға және құрсақ ішіндегі туа біткен де­формация аномалиялары мен хро­мосомалық бұзылуларды анық­тауға тәжірибе жинақтады. Барлық дәрігер біліктілігін арттыру туралы сертификат алды, ең бастысы – балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларының алдын алуға көмектесетін білімге және практикалық дағдыға ие бол­ды. Компания 2010 жылдан бастап қазақстандық дәрігерлер­дің біліктілігін арттыруға қолдау көрсе­тіп келеді. Компанияның қол­дауымен 1 мыңнан астам дә­рігер жаңа туған нәрестелерге кү­тім жасаудың жаңа әдістеріне тегін оқытылды. Олардың ішінде 647 дәрігер «AYALA онлайн-академиясы» платформасының 3 тегін курсында оқуға тіркелді. Қазіргі уақытта қазақстандық дәрігерлер мен медбикелерге арналған тағы 4 курс әзірленуде.

Айта кететін бір жайт, AYALA қайырымдылық қоры 2007 жыл­дың мамыр айында құрылған. Қордың миссиясы – Қазақстан­дағы қайырымдылық дәстүрі мен мәдениетін тәрбиелеу. 15 жыл ішінде қор еліміздің 67 елді ме­ке­нінде 242 мемлекеттік бала­лар медициналық және білім беру ме­кемелерін қамтыды. Қор жұ­мы­­сының негізгі бағыттары – бала­лардың денсаулығын сақтау, білім беру және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету сала­сындағы әлеуметтік және қайы­рым­дылық жобаларды іске асы­ру. AYALA қорының барлық жо­ба­ларының негізгі мақсаты – бала­лардың өмірін жақсартатын қоғам­дағы оң өзгерістер. Қор назар­ды қажет ететін проблемалық аймақ­тарды анықтайды және оған көмек­тесе алатын демеушілерді тартады. Тұрақты, ашық және жария жұмыс істейді. Қор тартқан барлық қаражат әлеуметтік және қайырымдылық жобалар мен бағ­дарламаларды іске асыруға ғана пай­даланылады.