Қоғам • 30 Маусым, 2022

Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында ел бойынша «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды

ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, полиция шетелдіктердің көп тұратын жерлеріне, құрылыс нысандарына, базарларға, ұйымдардың және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерге тексеру жүргізеді.

Операцияның екі күнінде көші-қон заңнамасының 3 762 рет бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырудың 1 239 жағдайы анықталды. Бұл ретте 207 жұмыс беруші шетелдіктердің еңбегін рұқсатсыз пайдаланған.

Сот шешімі бойынша елден 322 шетел азаматы шығарылды.