Аймақтар • 30 Маусым, 2022

Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада 19 адамнан 20 миллион теңге алдап алған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды

Күдікті қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп уәде берген. Алайда арада жыл өтсе де ешкім баспана алмаған. Жәбірленушілердің ақшасын да қайтармаған. Алданып қалғандар полицияға арызданғаннан кейін 32 жастағы күдікті әйел ұсталды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Соңғы кездері алаяқтық сарындағы оқиғалар тым жиілеп барады. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелген», деді Қызылорда ҚПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Әуелхан Құдайберген.

Аяна Тоғанбек