Өнер • 30 Маусым, 2022

Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры шілде айының 2-сі және 4-і күндері «ХАТ» философиялық драмасының  пермьерасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді

Шілде айының 2 және 4 жұлдызында Қаллеки театрының ұжымы көрермендер назарына Эрик-Эмманюэль Шмиттің «Оскар және Алқызыл бикеш» шығармасының желісімен сахналанған «ХАТ» философиялық драмасының премьерасын ұсынады. Туындыны қазақ тіліне аударған - Қуат Ежембек. Қоюшы режиссері – Рача Махатаев. Қоюшы суретші – Ильшат Вильданов. Хореограф – Асан Боранчин.

н

«Оскар және Алқызыл бикеш» шығармасы кең таралған туындылардың бірі. Француз жазушысы Эрик-Эмманюэль Шмиттің аталған туындысында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады. Адамдардың бойынан мейірім, қайырым, сүйіспеншілік қасиеттері жоғалған қазіргі уақытта, бұл шығарманың маңызы, мәні зор болмақ.

Спектакльдің жанры – философиялық драма. Мұны тамашалаған патша көңіл көрермен рухани азық алып, тағылым танып, ой түйері анық», делінген хабарламада.

Спектакльдің екі актерлік құрамы бар. Бірінші құрамда жас актриса Инабат Әбенова, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина, Ерғұлан Жанпейісов, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Таңсұлу Баталова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Қапаев, Динара Егубаева, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Сая Тоқманғалиева, екінші құрамда ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Алтынгүл Серкебаева, «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар, Ерсін Айтмұқаш, Арай Омарова, Самат Байыров, Амира Омарова, Жанар Қасымова.

Тоғанбек Аяна