Қазақстан • 30 Маусым, 2022

ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Әлия Назарбаеваның «Instant Payments» компаниясымен жасалған шартқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында компания өкіліне «ҚТЖ Әлия Назарбаеваның «Instant Payments» компаниясымен жасалған шартты қашан бұзады?» деген сауал қойылды.

Бұл сауалға «Қазақстан темір жолы» АҚ ұлттық компаниясының сату және клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Ерлан Жамайылов жауап берді.

«Биылғы ақпан айынан бастап тиісті рәсімді жүргізіп жатырмыз. 18 наурызда шартты бұзу туралы келісім жасалды. Оған екі тарап қол қойды. Бірақ бұл өндірістік процесс болғандықтан, жолаушылардың билет сатып алуына кедергі келтірмей, тасымалдау қызметінде ақау болмас үшін біртіндеп өтуіміз керек. Бүгінгі таңда жаңа үлгідегі шартты келісу және ашық тендер құжаттарын рәсімдеп жатырмыз», деді ол.

Оның айтуынша, келісім процедурасы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бекіткен ережеге сәйкес жүреді.

«Бүгінгі таңда үлгілік шартты келісу рәсімі жүргізіліп жатыр, содан кейін шарт бекітіледі. Араға 45 күн салып шарт ресми сайтқа жарияланады. Ондағы мақсат – кез келген адам танысуы үшін және ашық тендерге ниет білдірушілер еркін қатыса алады. Тендерді осы жаздың соңына дейін өткізу жоспарланып отыр», деді Ерлан Жамайылов.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше