26 Сәуір, 2014

Шығыс Қазақстанда қазақ күресінің тағы да абыройы асты

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-04-14-uskaman-1

ӨСКЕМЕН. 26 сәуір. Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ халықаралық турнир өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған бәсеке биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Тарбағатай ауданының орталығындағы боз кілем бәсекесіне 9 мемлекеттің атынан 45 палуан қатысты. Өткен жылы республикалық деңгейде өткен додағы биыл Армения, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және еліміздің ең үздік кілем шеберлері қатысты. Осының арқасында ол өзінің халықаралық дәреже атағын ақтады. Турнирдің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев, ФИЛА халықаралық күрес түрлері қауымдастығының комитет төрағасы Гинтаутас Вилейта және тағы басқа спорт жанашырлары қатысып, атлеттерге табыс тіледі.

26-04-14-uskaman-2

Жарыстың түйе балуан үшін болған түйінді бөлігінің ақтық айқасына Шығыс Қазақстан облысының екі тарланы – Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов шықты. Бір-бірінің сырына жетік палуандар белгіленген уақытта бүк ұпайдан еншілеп, тең түсті. Белдесу нәтижесінде Айбектің алапаты асып, бас жүлде - 10 мың АҚШ долларына ие болды. (Материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар). Думан Анаш. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Egemen.kz.