Қоғам • 01 Шілде, 2022

Бала тәрбиесі - басты назарда

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі Ұлт­тық комиссияның кезекті отырысында бала тәрбиесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бала тәрбиесі - басты назарда

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы, Президент Әкімшілігі Басшысының орын­басары Аида Балаева алғашқы отырыста Ұлттық комиссия жұмысының негізгі 6 бағыты белгіленгенін атап өтті.

«Бүгінде түрлі бейімдеу және әлеу­меттік қолдау орталықтарын терең әдістемелік қамтамасыз етуді жүргізу ұсы­нылып отыр. Жалпы, гендерлік зерттеулер жалғасады, отбасылардың әлеуметтік картасы жасалып, комиссияның бюллетені дайындалады. Жобада комиссия мүше­лерінің барлық негізгі ұсыныстары еске­рілген. Бас жоспарға енгізілмеген ұсы­ныстар қабылданып, ескерілді, секторлар жоспарына енгізілді, олар осы жылдың желтоқсан айында қаралатын болады», деді Аида Балаева.