26 Сәуір, 2014

Қостанай облысында 2 жасөспірім өз-өзіне қол салды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-14-Kostanai-2 kiz ozine kol jumsadi02

ҚОСТАНАЙ. 26 сәуір. Қостанай облысы Арқалық қаласында екі күннің ішінде 8 және 9-сыныпта оқитын қыздар өздеріне қол жұмсады. Олардың біреуі аман қалса, екіншісі қайтыс болды. Бұл туралы Nur.kz хабарлады. 8-сынып оқушысы 5 қабатты үйдің балконынан секіріп, қуанышқа орай, аман қалды. Ал 9-сыныпта оқитын қыз өз үйінің жуынатын бөлмесінде асылып, қаза тапты. Арқалық қалалық ішкі істер басқармасы өкілінің сөзіне қарағанда, екі жасөспірім де дәулетті отбасылардың перзенттері. 5-қабаттан секіріп, аман қалған қыз ауруханада есін жиып, тілге келген. Ол мұндай қадамға баруына ата-анасының өзіне көңіл бөлмей, балаларына алалап қарайтыны түрткі болғанын айтқан. Ал өз үйінде асылып өлген қыздың қазасының себебі түсініксіз болып тұр. Марқұм бір жапырақ қағазға «Менің өліміме ешкім кінәлі емес», – деп жазып кетіпті. Қыздың сыныптастары мен ұстаздары оның алдыңғы қатарлы оқушы әрі мектептің мақтанышы болғанын айтуда. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Nur.kz. Фото: Trud.ru.