28 Сәуір, 2014

Алматы облысында джип аударылып, 5 адам қаза тапты

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-04-14-avaria-1

ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 сәуір. Алматы-Бішкек автожолында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза болды, тағы 2 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Лексус-470» көлігі аударылған жол-көлік оқиғасы  республикалық жолдан 56 шақырым жердегі Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылының маңында тіркелген. «Апат орнында көлікті жүргізген 47 жасар әйел мен оның үш жолаушысы бірден қаза тапты. Үш ер адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан, есін жимаған күйі жантәсілім етті. Екеуі дәрігерлердің бақылауында» - делінген хабарламада. Аталмыш жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Алматы ІІД баспасөз қызметі. Фото: Алматы ІІД баспасөз қызметі.