Қоғам • 03 Шілде, 2022

Мемлекеттік қызметті басқарудағы цифрлы инновациялар

308 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Мемлекеттік қызметті басқарудағы цифрлы инновациялар: үрдістер мен үздік тәжірибелер» атты халықаралық онлайн кон­фе­ренцияға Еуропа мен Азияның түрлі елдерінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардан 100-ге жуық адам қатысты.

Мемлекеттік қызметті басқарудағы цифрлы инновациялар

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бұл – Астана мемлекеттік қызмет хабы Корея Республи­касының Персоналды басқару министрлігі, еліміздің Мемле­кеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстанның HR-менед­жерлері қауымдастығымен бір­лесіп ұйымдастырған, жыл сайын­ғы үшінші онлайн конфе­ренция, онда мемлекеттік қыз­меттің өзекті тақырыптары тал­қыланады.

«Бүгінде мемлекеттік қызмет менеджменті заманауи технологиялар мен басқарудың жа­ңа әдістерін қолданады, бұл оның икемді, азаматтарға бағ­дарланған және ашық болуы­на мүмкіндік береді», деді Ас­тана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Байменов.

Ол елдер арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңыз­дылығын атап өтіп, цифрлан­дыру және мемлекеттік қызмет менеджменті бойынша әлем мойындаған көшбасшы Корея үкі­метіне өз тәжірибесімен бөлі­суге үнемі дайын екендігі үшін алғыс білдірді.

Корея Республикасы Пер­соналды басқару министрі Ким Сон Хо мемлекеттік қызметке цифр­лы инновацияларды ен­гізу­дің маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде біз COVID-19 өр­шуімен жеделдетілген сан­дық трансформацияның үлкен тол­қы­нына тап болдық. Біз­дің ми­нис­трлік жасайтын цифр­лы реформалар, оның ішін­де e-Saram әзірлемесі корей үкі­метінің негізгі саяси мін­дет­терінің бірін іске асыруға, атап айтқанда әлемдегі барлық деректерді біріктіретін үздік сандық платформа құруға ықпал етеді», деді ол.

Министр сондай-ақ, оның ве­домствосы мемлекеттік бас­қаруды дамытуға бел­сен­ді үлес қосып, білген-түй­гендерімен халықаралық қоғам­дастықпен бөлісуді жалғас­тыратынын, атап айтқанда, Ас­тана мемлекеттік қызмет хабын қолдайтынын және Орталық Азия елде­рімен ынтымақтастықты нығай­та­ты­нын атап өтті.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов отан­дық мемлекеттік қызметтің цифр­­ландыру саласындағы же­тістіктерімен бөлісті, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін осындай іс-шараларға қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Конференция барысында Оңтүстік Корея спикерлері e-Saram платформасын таныс­тырып, Корея Республикасы персо­налды басқару министрлі­гінің жылдық есебінің түйін­демесін ұсынды.

Бельгияның озық тәжіри­бесін BOSA федералды мемле­кеттік қызметі цифрлы трансформация басқармасының өкі­лі баяндады. Сонымен қа­тар Грузияның Мемлекеттік қызмет бюросы, Қазақстанның Мем­лекеттік қызмет агенттігі және Өзбекстанның мемлекеттік қыз­метті дамыту агенттігінің спикерлері мемлекеттік қызметті цифрландырудың бағыттары, қазіргі сын-тегеуріндер мен перспективалар туралы айтып берді. Қырғызстанның Мем­лекеттік қызмет істері және жер­­гілікті өзін өзі бас­қару жө­ніндегі мемлекеттік агент­тігі­нің спикері Sanarip Aimak плат­­формасы туралы айтып, өз елінің тәжірибесіне тоқталды. Семинарда айтылған маңызды идеялардың бірі цифрландыру дәуірінде бірінші кезекте адамдардың мүдделеріне ерекше назар аудару болды.

Аталған елдердің тәжіри­бесі конференцияға қатысу­шылардың үлкен қызығушы­лығын тудырды. Бұл пандемия кезінде әлемде мемлекеттік қызметтің тиімділігін қам­та­масыз ету үшін цифрлы ин­но­вациялардың маңызы едәуір артқандығына байланысты.

Барлық спикерлер сондай-ақ хабтың озық практикаларды ілгерілетудегі, қатысушы елдер, әріптестер және сарап­шылар қа­уым­дастығы арасында тәжірибе мен білім ал­ма­судағы рөлін ерекше атап өтті. Хаб өз кезегінде қа­ты­­сушы елдер мемлекеттік орган­дарын мем­қызметті ин­но­вациялық дамы­туда және адам ресурстарын басқару тиім­­­­­­ділігін арттыру үшін цифр­лы құралдарды із­деуге ба­ғыт­талған күш-жігерін қол­дау­да бел­сенді жұмыс жүр­гі­зу­ді жал­ғас­тыруда.