Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін 10:04 шамасында 102 пультіне сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түскен.
«Сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі, күзет қызметі және құқық қорғау органдары жалға алушылар мен келушілерді эвакуациялау үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруы үшін тиісті сценарий әзірледі. Қысқа мерзімде қабылданған іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның жалған екендігі анықталды», деп хабарлады ведомстводан.