Оқиға Үндістанның Химачал-Прадеш штатындағы Куллу округінде болды. Ауыр зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, олар ауруханаға жеткізілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, автобуста 20-ға жуық жолаушы болған.
Жол апатының нақты себебі белгісіз. Жалпы Үндістанда көлікті абайсыз жүргізу, нашар жолдар және ескірген көліктердің салдарынан адам өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғалары жиі болады.
Полицияның мәліметінше, жыл сайын Үндістанда жол-көлік оқиғаларынан 110 мыңнан астам адам көз жұмады.