Медицина • 05 Шілде, 2022

Конго-Қырым безгегіне 15 адам шалдыққан

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққандар саны 15-ке жетіп отыр. Оның 8-і зерт­ханалық жолмен нақтыланғанын жет­кізген сала мамандары облыс тұр­ғын­дарын зиянкестерден қорғанып жүруге шақырды. Олардың айтуынша, сырқаттанғанның көпшілігі ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.

Конго-Қырым безгегіне 15 адам шалдыққан

– Олардың 70 пайызында клиникалық белгілер болғанымен дәрігерлерге дер кезінде қаралмағаны бел­гілі болып отыр. Қазір ауруға шалдыққан азамат­тарға тиісті ем жүргізілуде. Бүгін­де облыста ауру қоз­ды­ру­шы кененің 16 түрі бар. Олардың қатары жыл­дан-жылға кө­бейіп келеді. Бұл – алаң­датар­лық жағдай. Конго-Қы­рым қанды безгегінің белсен­ділігі, әсіресе мамыр және маусым айларында қатты бай­қалады, – дейді облыс­тық санитариялық-эпи­­демиологиялық бақылау депар­­таменті басшысы­ның орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқандардың бәрі – соңғы аптада ауыр­ғандар. Оларға ауруханаға келген күннен бастап арнайы препараттар беріліп, 3 рет зертханалық тек­серістен өтті. Аурухана бас дәрі­гері­нің орынбасары Айна Мұхам­бетова Конго-Қы­рым қанды безгегінің бас­ты белгілері байқалса жедел түрде ме­ди­циналық тек­се­рістен өту қажетін айтады.

 

Қызылорда облысы