Аймақтар • 05 Шілде, 2022

Арқалықта мың адам күй тартты

790 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалық қаласының орталығында Ұлттық домбыра күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында халық аспаптар оркестрі мен қала тұрғындарынан құралған 1000 адамдық оркестр өнер көрсетті.

Арқалықта мың адам күй тартты

Ашық аспан астындағы алып оркестр жүздеген қала тұрғынының алдында «Тепеңкөк», «Салкүрең» сияқ­ты халық күйлерін, Құрман­ғазы­ның «Балбырауын», Нұрхан Ахмет­бековтің «Жеңіс» және Нұрғиса Тілен­диевтің «Әлқисса» күйлерін орындады.

Жалпы, бұған дейін қазақтың қа­сиетті қара домбырасын насихаттап, дәріптеуге арналған бұқаралық мәде­ни шаралар жыл сайын Амангелді ауда­­нын­да да өтіп тұратын. Алайда дәс­түрлі шара пандемияға байланыс­ты үзіліп қалып еді, биыл Арқалықта қайта жанданды. 

– Ұлттық аспабымыз, ұлттық өнері­міз ұлықталған іс-шараның ұлағаты мол. Осы іс-шараға дайындық барысында 700 адам қолына алғаш рет домбыра ұстады. Ең жасы үлкен домбырашы – 87 жаста, ең жас өнерпаз – 8 жаста. Бір әулеттен 22 адам өнер көрсеткені де таңданарлық жағдай. Арқалықтағы айрықша өнер мерекесі жиналған жұртшылыққа рух беріп, көңілін көкке көтеріп тастады! – дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30