Аймақтар • 05 Шілде, 2022

Қазақстан аумағында тағы да жер сілкінді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 5 шілде күні Алматы уақытымен сағат 8:20-да және 11:08-де жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағында тағы да жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 771 км қашықтықта, Қазақстан аумағында және оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,1 және 10,4, магнитудасы – 4,6 және 4,7. Жерасты дүмпуі 20 және 50 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан аумағында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.