Коронавирус • 05 Шілде, 2022

Жаңа Зеландияда омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Зеландия мамандары алғаш рет коронавирустың ВА. 2.75 омикрон штаммының кіші түрін жұқтырудың алғашқы жағдайын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа Зеландияда омикрон штаммының жаңа түрі таралып жатыр

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, б ұл жаңа нұсқа Үндістаннан Жаңа Зеландияға келген инфекцияны жұқтырған екі шетелдіктен табылды.

«Пандемия басталғаннан бері Жаңа Зеландияда коронавирусты жұқтырудың 1,3 миллионнан астам жағдайы анықталып, 1 534 тұрғын қайтыс болды. Қазіргі уақытта елде ересек тұрғындардың 95%-дан астамы толық (екпе алды) вакцинацияланды», деп жазды комиссия.

Аяна Тоғанбек