Коронавирус • 05 Шілде, 2022

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 3 есеге өсті

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусым айының ортасынан бастап COVID-19 аурушаңдығы салыстырмалы түрде 2,9 есе өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 3 есеге өсті

«Аурушаңдық көрсеткішінің жоғарылау тенденциясы ревакцинация қарқынының төмендеуімен байланысты. Коронавирусқа қарсы мүлде екпе алмаған тұрғындар қатары да аз емес. Індетке шалдығу жағдайларының 80%-ға жуығы вакцинацияланбаған немесе соңғы иммунизациядан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдар үлесінде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұған дейін азаматтардың ревакцинациядан өтуден бас тартуына байланысты сырқаттанушылықтың өсу қаупі туралы ескерткен болатын», деп жазды комиссия.

Айта кетейік, ел бойынша барлығы 10,4 млн астам адам COVID-19 вирусына қарсы егілді. 4,8 млн адам қайта вакцинацияланды. Статистика көрсетіп оытрғандай, ревакцинация қарқыны 2 есе төмендеген.

Бүгінгі таңда елімізде вакциналардың жеткілікті қоры бар. Халықты иммундау отандық QazVac, қытайлық Vero Cell және американдық Pfizer препараттарымен жүргізіледі.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Алматы қаласы «сары» аймақта. Қазір Оңтүстік мегаполисте сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 112 жағдайды құрайды.

Аяна Тоғанбек